Мектеп оқушысы өзіне қол салды

302

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Таразда мектеп оқушысы өзіне қол салды. Оның дарға асылған денесі үйінің маңындағы гараждан табылған, -  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

КТК арнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай түнгі сағат 12 шамасында болған. 9-сынып оқушысының асылып тұрғанын алдымен анасы көріп, тәртіп сақшыларын шақыртқан.

Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер марқұмның мәйітін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ дейді.

14 жастағы жеткіншекті өлімге не итермелегені әзірге белгісіз. Қазір бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.

«Мәйiт Жамбыл облысы мәйітханасына жеткізілді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігімен (өзін-өзі өлтiру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді Тараз қаласы ПБ ресми өкілі Әзімхан Жанерке.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.