Жылқысын көлігінің айнасына байлап сүйреген ер адам жазаланды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі бір оқиғаның видеосы тарады: бейнежазбада көрініп тұрғандай, ер адам жылқысын көлігінің айнасына байлап алып, оны қатты жылдамдықта жетектеген. Бұл видео полицияның назарын аударды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Полиция бұл әрекетті «жануарға қатігездік таныту» деп таныды.
Шымкент қаласының полиция департаменті хабарлағандай, көлік иесінің жеке басы анықталып, ол жазаланған. Бір қызығы, полиция келіп кеткеннен кейін ер адам жылқысына мейірім танытқан.
«Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Тексеру барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталған жоқ. Оқиғаға байланысты азамат жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды Шымкент қаласының полиция департаменті.
Қаз
Рус






