Алаяқтар қажылыққа апарамыз деп 60 млн теңгені иемденген

1 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

фото; PinterestАстанада қажылыққа баруды жоспарлаған 37 азамат алаяқтардың арбауына түсіп, 60 миллион теңгесінен айырылған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық екі тұрғын әлеуметтік желіде Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастыратыны туралы жарнама жариялап, тұрғындардың сеніміне кірген. Қасиетті орындарға барғысы келген азаматтар уәде етілген сапар үшін қомақты қаржы төлеген. Ақша қолдарына тиген соң, күдіктілер міндеттемелерін орындамай, қаражатты өз қажетіне жұмсаған. Іс сотта қаралып, кінәлілер бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды, деп мәлімдеді Астана қаласының прокуратурасы.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.