Қазақстанда жылдамдық үшін салынған қате айыппұлдар жойылады

1 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Opennews.kz ЖИТасжолда жылдамдық асырды деген қате айыппұл алған жүргізушілерге полицияға барудың қажеті жоқ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Ішкі істер министрлігі техникалық ақаудан қате рәсімделген қаулылар автоматты түрде жойылатынын мәлімдеген. ІІМ кейбір жүргізушілерге жылдамдықты асыру бойынша не себепті қате айыппұл салынғанын түсіндірді.
13-14 тамызда бас прокуратураның ЕРАП жүйесінде техникалық ақау болған. Соның салдарынан бірқатар орташа жылдамдықты асыру фактілері қате кетіп, жылдамдықты асыру ретінде рәсімделген. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов жүргізушілерді алаңдамауға шақырған. Оның айтуынша, полицияға барудың немесе қандай да бір дәлел ұсынудың қажеті жоқ. Қате рәсімделген барлық қаулы анықталып, автоматты түрде жойылады.                      Егер айыппұл төленіп қойған болса, ішкі істер министрлігі қаражатты қайтару тетігін әзірлеп жатыр.
Ведомство бұл жағдайдың тек тасжолдарда техникалық ақауға байланысты қате қалыптасқан айыппұлдарға қатысты екенін атап өткен.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.