"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына құжат қабылдануда

439

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдануда,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тағайындалған гранттар биыл 30 адамға беріледі. Әрбір грант үшін 3 млн теңге сомасында қаражат беру қарастырылған.

Грант берудің мақсаты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.


Конкурсқа конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын Қазақстан азаматы қатыса алады. 

Гранттар Қазақстан азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде келесі бағыттар бойынша беріледі:

 "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыру үшін;

 "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін; 

"Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін; 

"Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;


Үміткерлердің конкурстық өтінімдерді 20 қыркүйекке дейін generation.kaz@gmail.comэлектрондық поштасына қабылданады. 

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және: 

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы; 
2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды); 
3) шығыстар сметасының жобасы; 
4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.