Жүкті келіншекті күйеуі зиратқа апарып, азаптаған

1 624

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИЖамбыл облысында жүкті 18 жастағы қыз күйеуінің зорлық-зомбылығына ұшыраған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында 18 жастағы жүкті әйел күйеуі тарапынан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам оны зиратқа апарып, ұрып-соғып, тұншықтыруға әрекет жасаған. 

Жәбірленушінің сөзінше, оқиға кезінде оның қағанағы жарылып, толғағы басталған. Алайда соған қарамастан күйеуі оны бір сағаттан астам уақыт бойы жібермей ұстаған.

Жас әйел жағдайды құрбысына жасырын түрде хабарлап үлгерген. Кейін бұл ақпарат құқық қорғаушыларға жетіп, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Іс бойынша түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесінде беріледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.