Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан басталмақ

389

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Нұр-Сұлтанда бес күн қатарынан ауа температурасы 10 градустан төмен болса, тұрғын үйлерге жылу берілмек деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.  

Бас шаһардағы жеке меншік секторды газдандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазір шамамен 5 мың жер үйге, құбыр тартылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 3 есе артады. Биылғы жылу маусымында қаладағы 3 жылу электр станциясы да, отынға газ қолданатын болады- дейді қалалық отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов

"Есіл ауданына қарасты бізде тұрғын алаптар бізде газдандыру 2022-2023 жылдарға дейін жоспарланған. Оған негізгі әкелуші газопровод айналма жолдың бойымен "Тельман" тұрғын алабы бұрылысқа дейін бізде әкелетін үлкен газ құбырын салдық. Қажетті газ тарату орталығын сол жерге орнатты. Бізде жалпы екінші кезекте Фэмили Вилладж, Гарден Вилладж, "Пригородный" тұрғын алаптары, үшінші кезекте Ильинка мен Лесозавод, қала орталығындағы Шұбар тұрғын алабы газдандырылады", - деді.


Ал биыл газға қосыла алмаған тұрғындарды, жергілікті билік 12 мыңнан астам тонна көмірмен қамтамасыз етеді. Қара отын арнайы белгіленген 12 сауда орнында жазғы бағамен сатылады. Әкімдіктегілер алып-сатарлардан сақтануға шақырады. Күн суыт-қанын күтпей ақ, алдын ала сатып алуға да болады. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.