Әпкелі-інілі алаяқтар жоқ пәтерді жалға беріп, ақша алған

1 512

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАқтөбеде полиция қызметкерлері  бірнеше интернет алаяқтық жасады деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды ұстаған,-деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, күдіктілер танымал интернет платформада пәтерді жалға беру туралы хабарлама орналастырған. Алматы қаласынан «жалға берілетін» пәтердің фотосуреттерін жүктеп, қызықтырарлық баға ұсынған.

Жазғы демалыс кезінде Алматыға қыдырып бармақ болған бірнеше ақтөбелік осы жалған хабарламаның құрбаны болған. Қоңырау шалғандарға күдіктілер өздерін «пәтер иелері» ретінде таныстырған. Алдын ала төлемді талап етіп, 10 мыңнан бастап 55 мыңға дейінгі сомадағы төлемдер аудартқан. Ақшаны иеленгеннен кейін жәбірленушілермен байланысты тоқтатқан. Қазіргі уақытта төрт жәбірленуші анықталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің Ақтөбе қаласының екені анықталды. Алаяқтық жасады деп күдікке ілінген 33 жастағы әйел мен 24 жастағы ер адамның туған әпкелі-інілі екені белгілі болды. Полиция бөліміне жеткізілген күдіктілер өз кінәларын мойындады. Алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеп-тексеру жалғасуда, - деп хабарлады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.

Ақтөбе облысының полиция департаменті  азаматтарды онлайн платформаларда пәтерді жалға алу кезінде сақ болуға және алдын ала төлем аудармауға, алаяқтардан сақ болуға шақырады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.