«Әскерге аман жіберген ұлым ауруханада»:18 жасар сарбаздың соққыға жығылғаны тергелуде
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтөбеде Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Әскери қызметші өзін сержанттар ұрып-соққанын айтқан, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
"Жан-жақты әрі объективті тексеру нәтижесінде жағдайға тиісті құқықтық баға беріледі", – деп толықтырды баспасөз қызметі.
Сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаева 18 жастағы ұлы Досымбеттің 3 шілдеден бастап Ақтөбедегі Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімінде қызмет етіп жүргенін айтқан.
Әйелдің сөзінше, 4 қыркүйекте оған ауруханадан қоңырау шалып, ұлының үш күннен бері медициналық мекемеде жатқанын хабарлаған.
Алдымен сарбазды уролог тексерген. Алайда талдаулардан инфекция анықталмаған. Кейін травматолог шақырылып, Гүлдана Кетібаеваның айтуынша, дәрігер қуыққа қатысты мәселелерді алған жарақатпен байланыстыруы мүмкін екенін айтқан.
Қаз
Рус






