Қазақстанда АЭС құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

291

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстан билігі елдің энергетикалық балансында 2035 жылға дейін қуаттылығы 2,4 ГВт болатын атом электр станциясын (АЭС) салуды жоспарлауда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жөнінде жұма күні өткен ведомствоның алқа мәжілісінде энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

"Елдің энергетикалық балансында негізгі генерацияның жаңа көзі ретінде белгіленген қуаты 2,4 ГВт болатын атом электр станциясы қарастырылған", - деді министр.

Ақшолақовтың айтуынша, құрылыс жоспары 2035 жылға дейін деп есептелген.

"Әзірленген энергетикалық балансқа сәйкес 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВт/сағ құрайды. Сонымен бірге қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған энергия көздерінің генерациясы бірқатар объективті себептерге байланысты төмендейді және шамамен 89 млрд кВт/сағ құрайды. Қолданыстағы энергия көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттіліктерін өтей алмайды", - деп түсіндірген министр.

Ол осыған байланысты 2035 жылға қарай жалпы қуаттылығы 17,5 ГВт болатын жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосуды қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Еске салайық, 8 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы көшбасшылықты сақтап қалу және экономикаға инвестиция салу үшін елде атом электр стансасын салу аса қажет екенін айтқан.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.