iPhone алу үшін мал ұрлаған жас жігіттер бес жылға сотталды

367

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шығыс Қазақстан облысында iPhone алу үшін мал ұрлаған 20 жастағы екі жігіт түрмеге қамалды деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі ШҚО ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Олардың қылмысқа баруларына қымбат ұялы телефон алуға ақшаларының жетпеуі себеп болған. Сөйтіп екеуі еркін жайылымнан бірнеше бас ұсақ малды ұрлап кеткен. Екі жігіт де сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Олар жазасын ОВ-156/1 түзету мекемесінде өтеуде.


 "Соңғы уақытта жастар арасында мал ұрлығы белең алды. Ұрланған малға чип қойылған болса, оны табу оңай. Ал қылмыс жасаған азамат қатаң жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық кодекске сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді ОВ 156/1 мекемесі жедел бөлімінің бастығы Мақсат Бақатбаев.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.