eGov атынан жасалатын алаяқтық көбейген

1 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИБас прокуратура азаматтарға алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті. Соңғы бір айда мұндай 30-ға жуық жағдай тіркелген, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қаскөйлер өздерін eGov қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға олардың атынан электрондық цифрлық қолтаңба рәсімделгенін хабарлайды. Заңсыз несие алудың алдын алу қажет деген сылтаумен ақша аударуға көндіреді. Мәселен, Тараз тұрғыны алаяқтарға 2 миллион теңгеден астам ақша аударған. 

Прокуратура мамандары мемлекеттік органдар телефон арқылы ақша аударуды немесе есеп-шот нөмірін жібермейтінін ескертеді. Сондықтан бейтаныс адамдарға SMS-код, құпиясөз, банк картасы және ЭЦҚ деректерін бермеңіз.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.