eGov атынан жасалатын алаяқтық көбейген
Бас прокуратура азаматтарға алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті. Соңғы бір айда мұндай 30-ға жуық жағдай тіркелген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қаскөйлер өздерін eGov қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға олардың атынан электрондық цифрлық қолтаңба рәсімделгенін хабарлайды. Заңсыз несие алудың алдын алу қажет деген сылтаумен ақша аударуға көндіреді. Мәселен, Тараз тұрғыны алаяқтарға 2 миллион теңгеден астам ақша аударған.
Прокуратура мамандары мемлекеттік органдар телефон арқылы ақша аударуды немесе есеп-шот нөмірін жібермейтінін ескертеді. Сондықтан бейтаныс адамдарға SMS-код, құпиясөз, банк картасы және ЭЦҚ деректерін бермеңіз.
Қаз
Рус






