Мұнаралы кран құлап, слесарь қаза тапты, әйел аяғынан айырылды

1 558

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:instagram barys__mediaҚайғылы оқиға 31 тамызда Астанадағы құрылыс нысанында болған. Мұнаралы кранды бөлшектеу кезінде құрылым құлап кеткен. Слесарь оқиға орнында қаза тапты. Кран жүргізушісі Ақмарал Қарабалиева ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Алған жарақаттарының салдарынан әйелдің оң аяғы кесіліп алынды. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, құлау алдында жұмысшылар мұнаралы кранның секцияларын бөлшектеген. Жұмыс беруші оған мүгедектер арбасын сатып алып беріп, Қарабалиеваның айтуынша, үш айлық жалақысы көлемінде өтемақы ұсынған. Әйел бұл соманы аз деп есептейді және еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты өмір бойы төлем талап етуде.

Оқиға фактісі бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін мұнаралы кран орнында тұр. Қарабалиеваны осы аптада ауруханадан шығару жоспарланып отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.