25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстанда Каспий теңізіндегі әскерилердің қаза табуына байланысты 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті үкімге президент қол қойды.
Еске салсақ, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Алғашқы ресми мәліметте тоғыз әскери қызметкердің қаза тапқаны, үшеуінің құтқарылғаны хабарланған еді.
Кейін іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметкердің денесі табылғаны хабарланды. Осылайша, қаза тапқандар саны 12 адамға жетті. Үш әскери қызметші құтқарылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін өңірге қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия жіберілген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынды.
Президент Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты.
Қаз
Рус






