Қазақстанда өндірістегі жазатайым жағдайда болатын қайғылы оқиғалар 12,3% - ға төмендеген

465

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың сегіз айында өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 938 қызметкер зардап шеккен және 114-і қайтыс болған деп хабарлайды «Opennews.kz»  ақпараттық агенттігі.

Өңдірістегі жағдай кезінде жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9% - ға өсті (өткен жылдың 8 айында 912 адам зардап шекті). Бұл кезекте өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 12,3% - ға төмендеген(2020 жылы осы кезеңде өндірісте 130 адам қаза тапты).
 
Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (169 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (111 адам), Павлодар (77 адам), Қостанай (73 адам), Ақтөбе (72 адам) облыстарында сақталуда.
 
Сонымен қатар, экономика саласы бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 134 адам (19,4%) және құрылыс саласында – 80 адам (11,6%) байқалады.
 
 
журналист, 
Ғалия  ЕРЖАНҚЫЗЫ
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.