Күйеуін пышақтап өлтірді деген күдікпен әйел қамауға алынды

1 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ShutterstockШымкентте ерлі-зайыпты арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталып, күдікті ретінде келіншек қамауға алынды. Бұл жөнінде Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, оқиға тұрмыстық жанжалдан туындаған. Ұрыс барысында ер адам пышақ жарақатын алып, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

«Ер адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған жайт бойынша келіншек ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Көршілерінің айтуынша, бұл қылмыс ерлі-зайыптының өзара кикілжіңінен басталған. Алайда олар жалдамалы пәтерде тұрып келген отбасының бұған дейін дауласқан дауыстарын естімегендерін айтып, болған оқиғаға әлі де сенер емес.

Қазіргі уақытта күдікті әйел қамауда отыр. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қайғылы оқиға салдарынан ерлі-зайыптының кәмелетке толмаған екі қызы қараусыз қалды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.