Әлемді 28 жыл жаяу аралап, үйіне оралған саяхатшы
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Британдық 57 жастағы Карл Бушби 1998 жылдың қараша айында Чилиден басталған саяхатын аяқтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол 28 жыл ішінде 50 мың шақырымнан астам жол жүріп, 29 елде болған. Ұлыбританиядағы үйіне тек жаяу немесе жүзіп жетуді мақсат еткен саяхатшы діттеген жеріне оралды.
BILD мәліметінше, соңғы кедергі – Ла-Манш бұғазы болған. Дүйсенбі, 5 қазанда Бушби Франциядан жүзіп өтіп, Англияның Дувр қаласы маңындағы жағалауға жетті. Бұғаздан өтуге үш күн уақытқа бөлінген 20 сағат кеткен. Жағажайда оны әкесі, бауырлары мен достары қарсы алды. Саяхатшының оралуын ол туралы деректі фильм түсіріп жүрген неміс режиссері Вернер Херцог те бақылап отырған.
Қаз
Рус






