«Қыздың ағасымыз» деп қорқытқан : тонаумен айналысқан 4 қылмыстық топ ұсталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге келіскен жігіт пәтерге барады. Алайда көп ұзамай ол жерге өзін қыздың ағалары ретінде таныстырған бірнеше адам келеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Олар жігітті қорқытып, ақша талап етіп, тонайды. Осылайша романтикалық кездесу алдын ала жоспарланған қылмыстың тұзағына айналады.
Алматыда осындай тәсілмен адамдарды тонаумен айналысқан бірнеше қылмыстық топ әшкереленді. Жыл басынан бері төрт топ анықталып, олардың мүшелері ұсталып, сотталған. Соған қарамастан, осыған ұқсас жаңа қылмыс деректері де тіркеліп отыр.
Полиция интернеттегі қарапайым хат алмасудың артында алдын ала жоспарланған қылмыс тұруы мүмкін екенін ескертеді. Құқық қорғау органдары азаматтарды бейтаныс адамдармен кездескенде сақ болуға, күмәнді жағдайларда қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға шақырады. Қауіп төнген жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.
Қаз
Рус






