100 жылқы ұрлады деп айыпталған жылқышыға пәтер сыйға тартылды

1 504

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/ruslan_utepbaiАқтөбеде 100 жылқы ұрлады деген айыппен сотталып кете жаздаған Рахат Сәрсеновке пәтер сыйға тартылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жақсы жаңалықты журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, араға екі ай салып қайта кездескен жылқышы отбасымен бірге жаңа баспанаға қоныстанған. Пәтерді ақтөбелік кәсіпкер сыйға тартқан.

«Ардақты ағайын, араға екі ай салып, жылқышы Рахат Сәрсеновпен қайта жолықтым. Бұл жолғы кездесу көңілге қуаныш, бойға ерекше қуат сыйлады. Себебі Рахат аға отбасымен бірге жаңа пәтерге қоныстанды! Ал баспананы сыйға тартқан – ақтөбелік кәсіпкер. Қиын сәтте қолдау көрсетіп, бір отбасының қуанышына себепкер болған Азамат мырзаға алғысымыз шексіз! Одан бөлек, ағамыздың денсаулығы да едәуір жақсарып қалыпты. Мұны көріп, шын жүректен қуандым! Қиналғанға қол ұшын созып, сүрінгенге сүйеу болар азаматтарымыз көп болсын! Жақсылық жасап жарысайық, ағайын!» – деп жазды Руслан Өтепбай.

Рахат Сәрсенов 33 жыл бойы жылқышы болып еңбек еткен. Алайда оған Тәжіғали Елеуов жылқы ұрлады деген айып таққан. Бірінші сатыдағы сот қарияны 7,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Үкім жарияланған күні ол сот залында қамауға алынып, екі айдан астам уақыт тергеу изоляторында отырған.

Кейін апелляциялық сот бірінші сатыдағы үкімнің күшін жойып, Рахат Сәрсеновті толық ақтап, бостандыққа шығарды. Бірінші сатыдағы сот үкімі биыл 15 мамырда жарияланған болатын.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.