Ленин ескерткішін үшке бөліп тастады

1 504

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: bairaqmedia.kzҚостанай облысының Құсмұрын кентінде Ленин ескерткішін бөлшектеп жатқан видео әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ескерткішке жанашырлық танытқандар болды

Кадрларды YouTube желісінде Юрий Каталевич есімді тұрғын жариялаған. Видеодан ескерткіштің үш бөлікке бөлініп жатқанын көруге болады.

Видео авторының жазуынша, бұл көріністі көрген тұрғындардың пікірі екіге жарылған. Бірі ескерткіштің алынғанына мұңайса, енді бірі қуанышын жасырмаған.

Желі қолданушылары да түрлі пікір білдірді. Кейбірі Ленин ескерткішін бұзбай, басқа жерге көшіруді ұсынса, өзгелері оның бөлшектелуін құптаған. Тіпті ескерткішті сатып алғысы келетіндер де табылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.