Белгісіз тұнбаны ішкен екі адам көз жұмды үшіншісі ауруханада жатыр

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИСолтүстік Қазақстан облысында құрамы белгісіз тұнбаны ішкен үш ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, екеуі сонда көз жұмды. Үшіншісінің жағдайы әлі де өте ауыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

СҚО Жедел медициналық көмек көпбейінді қалалық ауруханасы ауруханасының мәліметінше, үш ер адам демалыс күндері улану белгілерімен түскен.

“Оларды алып келгендердің айтуынша, ер адамдар түскі уақытта қайдан алынғаны белгісіз тұнбаны ішкен. Үшеуінен де бірдей белгілер байқалған: тыныс алуы қиындап, айналасындағылармен байланыс орнату қабілеті бұзылған. Ал олардың бірінде бірнеше рет құсу болған. Өкінішке қарай, науқастардың екеуі қайтыс болды. Бірі ауруханаға түскен күні, екіншісі үшінші тәулікте көз жұмды. Үшінші ер адамның жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр”, – деді аурухана өкілдері. 

Дәрігерлер өзге тұрғындарға осындай жағдайдан сақ болуға шақырды. 

“Бұл ақпаратты не үшін жариялап отырмыз? Адамдарды өлімге әкелуі мүмкін қауіптен ескерту үшін. Құрамы мен қайдан алынғаны белгісіз сұйықтықтар, тұнбалар мен қоспалардың құрамында ауыр улануға әкелетін заттар болуы мүмкін. Сусынды немесе тұнбаны үйде өзіңіз дайындағаныңыз оның қауіпсіз екенін білдірмейді. Құрамындағы заттардан, мөлшерінен немесе дайындау тәсілінен кеткен қателік ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Тәжірибе жасап көремін деп өміріңізді қатерге тікпеңіз. Кейде оның салдарын түзету мүмкін болмайды”, – деп ескертті мекеме.

Аурухана мамандары құрамы белгісіз сұйықтықтарды ішпеуге, уланудың алғашқы белгілері байқалса, дереу дәрігерге жүгінуге кеңес берді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.