Жалдамалы пәтерден екі баланың мәйіті табылды

1 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИШымкентте көпқабатты тұрғын үйде бір отбасының екі баласы қаза болды. Алдын-ала болжам бойынша, балаларға иіс тиген болуы мүмкін. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 19 қазанда Күншығыс (Восток) шағынауданында болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, екі отбасы жалдап тұрған пәтерде 15 жастағы қыз бен төрт жасар ұл көз жұмған. Тағы бір қыз бен оның анасы ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, 27 жастағы әйелдің жағдайы жақсарған. Ол токсикология бөліміне ауыстырылды. Ал әйелдің үш жастағы қызы жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайында оң динамика бар екенін атап өтті.

Шымкент қалалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

«Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінде екі кәмелетке толмаған баланың қайтыс болуына байланысты абайсызда адамдардың өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге иіс тию себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция.

Оқиғадан кейін пәтерді газ қызметінің мамандары тексерген. Тексеру нәтижесі туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Нұрбек Рахманов мәлімдеді.

«Апаттық қызметіміздің қызметкерлері оқиға орнына барып, тексеру жүргізген кезде иіс газының концентрациясы анықталған жоқ. Қазір уәкілетті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу нәтижесінде ғана белгілі болады. Бұл үй газ плиталарын пайдалануға арналған. Алайда пәтерге қосымша газ су жылытқышы орнатылған. Мұндай үйлерде осындай жабдықты орнатуға болмайды», — деп түсіндірді Нұрбек Рахманов.

Балалардың өлімі пәтерге орнатылған газ су жылытқышына байланысты ма, оны тергеу анықтауы тиіс. Иіс тию негізгі болжам ретінде қарастырылып отырғанымен, газ қызметінің мамандары тексеру кезінде пәтерден иіс газының концентрациясын анықтамаған. Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы әзірге белгісіз.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.