FlyArystan рейсі ұшып шыққан әуежайға қайта оралды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
20 қазанда Алматыдан Павлодарға ұшқан FlyArystan әуе компаниясының рейсі ұшып шыққан әуежайға қайта оралды. Ал кері бағыттағы рейс тоқтатылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұған Павлодар әуежайында ұшақты мұздануға қарсы өңдеу мүмкіндігінің болмауы себеп болған.
Компанияның мәліметінше, FS-7131 рейсі Алматыдан ұшып шыққаннан кейін кері қайтқан. Ал Павлодардан Алматыға бағытталған FS-7132 рейсі тоқтатылды.
Ұшу кезінде Павлодардағы ауа райы болжамы нашарлап, жауын-шашын күтілген. Мұндай жағдайда әуе кемесі ұшар алдында мұздануға қарсы арнайы өңдеуден өтуі керек. Алайда Павлодар әуежайында мұндай мүмкіндік болмағандықтан, қауіпсіздік мақсатында ұшақты Алматыға қайтару туралы шешім қабылданған.
FlyArystan рейстердің қайта басталатыны туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.
Жолаушылар не істей алады?
Компания жолаушыларға бос орындар болған жағдайда билетін ең жақын рейске бір рет тегін қайта рәсімдеуге немесе билет ақшасын толық қайтарып алуға мүмкіндік береді.
FlyArystan мобильді қосымшасы немесе ресми сайты арқылы билет сатып алғандар оны «Менің сапарларым» бөлімінде өз бетінше өзгерте немесе қайтара алады. Ал билетті байланыс орталығы, үшінші тарап сервистері немесе туроператорлар арқылы сатып алған жолаушылар сол жерге жүгінуі керек.
Компания брондау кезінде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлама жіберілгенін атап өтті.
Читайте также

Қаз
Рус





