Ақшаға қызыққан оқушы 200-ден астам SIM-карта тіркеген

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИШымкентте белгісіз адамдар мектеп оқушыларын Telegram арқылы тауып, ақшаға SIM-карта тіркетіп, WhatsApp кодтарын алып отырған. Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров өз тәжірибесінде кездескен жағдайды баяндап, ата-аналарды балалардың күмәнді табысына назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бір нөмір үшін бастапқыда 10 доллар төлеген

Адвокаттың айтуынша, оған жүгінген ата-ананың 10-сыныпта оқитын баласы екі-үш ай ішінде 200-ден астам SIM-карта тіркеген. Белгісіз адамдар әуелі әр нөмір үшін 10 доллар ұсынған. Кейін төлем көлемін біртіндеп азайтқан.

«Алғашында әр нөмірге 10 доллар төлеген. Балалар қызығып кеткен соң төлемді 7, 5, кейін 3 долларға түсірген», – дейді Аянхан Омаров.

Оның мәліметінше, ақша криптовалюта арқылы түсіп, кейін Kaspi арқылы шығарылған. Оқушылардан SIM-карта тіркеумен қатар WhatsApp кодтарын да алған. Бұл адамдардың кім екені белгісіз. Адвокат олардың шетелдік болуы мүмкін екенін айтқанымен, бұл болжамды растайтын дерек келтірмеген.

Нөмірлер қылмысқа пайдаланылуы мүмкін

Омаров мұндай жолмен тіркелген нөмірлердің кейін алаяқтыққа немесе өзге де киберқылмыстарға пайдаланылу қаупі бар екенін ескертті. Сонымен бірге ол ақшаға қызыққан балалардың басқа да заңсыз әрекеттерге тартылуы мүмкін екеніне алаңдайды.

«Ең қауіптісі – бұл нөмірлер ертең алаяқтық пен өзге де киберқылмыстарға пайдаланылуы мүмкін. Бүгін SIM-карта үшін ақша алған бала ертең басқа да заңсыз әрекеттерге тартылмайтынына кім кепіл?» – деп жазды адвокат.

Ол ата-аналарды балаларының телефонына, Kaspi аударымдарына және қолындағы ақшаның қайдан келгеніне назар аударуға шақырды. Адвокаттың жазбасында тіркелген нөмірлердің нақты қандай мақсатта қолданылғаны және осы жағдай бойынша құқық қорғау органдарына арыз берілген-берілмегені айтылмаған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.