8-9-сынып оқушылары жүріп бара жатқан автобустың артына жабысып алған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Орал қаласында 8-9-сыныпта оқып жүрген үш оқушы жүріп бара жатқан автобустың артына жабысып алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 3 қараша күні сағат 18:30 шамасында болған. Желіде тараған видеоға назар аударсақ, олар №22 бағыттағы автобустың артынан ұстап, аяқтарын бамперге тіреп алғанын байқауға болады. Абырой болғанда олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Полиция қызметкерлері видеоны көрген бойда мектеп инспекторларына жолдаған. Көп ұзамай оқушылар да табылды.
Осы жағдайға байланысты оқушылардың ата-аналары заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.
Қаз
Рус






