Бірінші сынып оқушысына тиіскен мұғалім 6 млн теңге өтемақымен құтылып кетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Шымкентте бірінші сынып оқушысына сексуалдық сипатта тиісіп, сотталған 36 жастағы мұғалім 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылатын болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ақпан айында жекеменшік мектептің бірінші сыныбында оқитын қыз мектепте цифрлық сауаттылық пәнінен сабақ беретін мұғалімінің тиіскененін ата-анасына айтып берген.
Шошыған ата-анасы тексерген кезде, тіпті мектептегі бейнебақылау камерасына да түскені анықталған.
Осыдан кейін педагог жас балаларды азғындату дерегімен жазаға тартылғанымен, оны қайта қаратып, жазасы жеңілдеу сексуалды сипаттағы тиісу әрекеті бабына ауыстырылған.
Енді қоғамдық жұмысқа жегілетін педагог 3 миллион теңге моральдық тағы 3 миллион теңге материалдық шығынды өтеп беруге тиіс.
Қаз
Рус






