Маңғыстаулық жігіт әйелімен ажырасқан соң, берген 1 615 000 теңге қалыңмалын қайтаруды талап еткен

431

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Маңғыстау облысында екі жыл некеде болған ер адам ажырасуға арыз беріп, әйелі мен оның туыстарынан қалыңмалды қайтаруды талап етті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Lada.kz. порталына сілтеме жасап.

Облыс сотының баспасөз қызметінің ақпаратынша, арызданушы бұрынғы қалыңдығы мен оның ата-анасынан 800 000 теңгені, гауһартастармен көмкерілген алтын бұйымдарды, екі кілем мен қалыңмал ретінде берілген 1 615 000 теңгені өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Дегенмен ол жауапкерлердің мүліктік зиян келтіргені немесе қандай да бір міндеттеме алғаны туралы дәлел ұсынбаған.

"Қазақтың салт-дәстүрі бойынша жастар некеге тұрғанда олардың ата-анасы арасында ескі әдет-ғұрыптар жасалады, ал берілген заттарды қайтару талабы қолданыстағы заңнамамен реттелмеген, яғни тараптар арасында ерікті түрде берілген дүние-мүлікті қайтарып алуға қатысты ешқандай міндеттеме жоқ", – деп түсіндірді сот.

Сот ер адамның талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. 

Дегенмен ол апелляцияға шағым түсіріп, сотқа берілген талап-арыз бойынша жаңа шешім шығаруды, куәларды шақырып, олардан жауап алуды сұрады.

Сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Бұл іс бойынша үкімді 1 қарашада Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі жариялады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.