"Кальмар ойыны" фильмінің үлгісімен өткен кеште 8 адам қаза тапты

319

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Панамадағы "Кальмар ойыны" үлгісімен өткен Хэллоуин кешінде 8 адам қаза тапқан- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі TN News сілтеме жасап.

Оқиға 29 қазан күні таңертең болған. Алдын ала болжам бойынша, екі жергілікті қылмыстық топ арасында атыс болып, салдарынан бес адам оққа ұшқан. Сондай-ақ тағы үш адамның мәйіті жақын маңдағы қоқыс тастайтын маңнан табылған. Жеті адам түрлі жарақат алған.

Прокурор Рафаэль Балойестің айтуынша, атыс бір адам "Лос-Галактикос" деп аталатын бәсекелес топтың мүшелеріне оқ атқаннан кейін басталған.

Қазіргі уақытта екі адам ұсталды, оның ішінде атыс кезінде қаза тапқандардың бірінің ағасы да бар.

"Болжам бойынша, ол бауырын қорғау үшін атыс қаруын қолданған болуы мүмкін", - деді прокурор.

Өз кезегінде полиция директоры Джон Дорнхайм қатысушылардың кейбірі бұрынғы қақтығыстардың салдарынан сотталғанын және оқ жарақатын алғанын айтты.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.