Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болады?

323

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазгидромет алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер болжамына сәйкес, батыс, солтүстік-батыс пен солтүстіктің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.

Тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деген болжам жасалды.

11 қарашадан бастап ауа температурасы батыс, солтүстік-батыста түнде -10...0°C аязға дейін, күндіз -5...+5 °C жылыға дейін төмендейді. Оңтүстік-батыста түнде +2...+7°C жылы, күндіз +5...+10°C жылы болады.

Солтүстікте -2...+3°C-қа дейін жетеді.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашын жаумайды, күндіз ауа температурасы +5...+15°C дейін көтеріледі.

Жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.