Шымкентте мектеп оқушылары уланды

398

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкентте мектеп оқушылары белгісіз заттан уланды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 5 қазан күні сағат 10.30-да болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер мектеп оқушыларының белгісіз затпен уланғанын анықтаған.

"Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы келіп, жеті оқушы мен мектеп қызметкеріне алғашқы көмек көрсетті. Улану белгілері бар үш оқушы ауруханаға жеткізілді. Олар оттегі терапиясынан өтті. Оқушылар екі сағат бойы медициналық бақылауда болып, үйлеріне жіберілді", - деп толықтырды департамент.


Ақпарат бойынша түскі уақытта 9 сынып оқушысы мектеп ішіне қарақшылық шабуылдан қорғанатын газ баллонын шашқан. Газ баллоны қыздың әкесіне тиесілі екені анықталды. 


 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.