Шымкентте мектеп оқушылары уланды
340
Шымкентте мектеп оқушылары белгісіз заттан уланды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 5 қазан күні сағат 10.30-да болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер мектеп оқушыларының белгісіз затпен уланғанын анықтаған."Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы келіп, жеті оқушы мен мектеп қызметкеріне алғашқы көмек көрсетті. Улану белгілері бар үш оқушы ауруханаға жеткізілді. Олар оттегі терапиясынан өтті. Оқушылар екі сағат бойы медициналық бақылауда болып, үйлеріне жіберілді", - деп толықтырды департамент.
Ақпарат бойынша түскі уақытта 9 сынып оқушысы мектеп ішіне қарақшылық шабуылдан қорғанатын газ баллонын шашқан. Газ баллоны қыздың әкесіне тиесілі екені анықталды.