6 адам бір жігітті 3000 теңге үшін соққыға жықты

1 199

Фото: instagram/ Temirtau.timesТеміртау қаласында алты адам бір жігітті соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


Бұл туралы жәбірленушінің әпкесі әлеуметтік желіде жариялады.


«Кеше сағат 21:30-да інімді алты адам аяусыз соққыға жықты. Белгісіз адамдар оның үстіне секіріп, алтауы бірге бір адамды ұрды. Мұрнын сындырып, құлағынан қан аққан, бас миы шайқалып, саусағы мен тісі сынған. Олардың мақсаты — інімді тонау болды. Небәрі 3 мың теңге үшін осындай қатігездік жасады. Осы жағдаймен бөліскім келді, балаларыңызға қараңыздар», — деді жәбірленушінің әпкесі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицейлер күдіктілерді анықтап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Толығырақ ақпарат қосымша беріледі», - делірнген хабарламада.


 

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.