Әріптестік меморандумға қол қойылды

442
Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» арасындағы  екіжақты әріптестік меморандумына  қол қойды – деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Шараға «Жастар ресурстық орталығының» директоры Асқар Құрмаш, «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, этномәдени бірлестіктің мүшелері, жастар орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. 

Құжаттың басты мақсаты – өңірдегі бірлік пен татулықты, қоғамдық келісімді нығайтуға түрлі бағыттағы шараларды бірлесе атқару арқылы, жаңа бастамаларды қолға алып, оларды бірлесіп, қарқынды түрде жүзеге асыру.

Осы орайда, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Алина Новикова «Бізге артылған жауапкершілікті абыроймен ақтай білуіміз қажет. Әріптестігіміздің арқасында ойда жүрген тың иделарды жүзеге асырамыз», - деді.

 Өз кезегінде, Фархат Әбдібағдатұлы екіжақты байланысты нығайтып, айқын бейнелер мен идеяларды молайтып, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін тілге тиек етті.


журналист,
Динара БАУЫРЖАНҚЫЗЫ