Түркістан облысында заңсыз кір жуатын ұнтақтар жасайтын цех анықталды

383

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркістан облысында контрафактілік кір жуу ұнтақтарын дайындайтын астыртын цех анықталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р. Абдуллаев «Иштихат» тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі мекенжайы бойынша цех ұйымдастырғаны, онда заңсыз жолмен «Ariel», «Тide», «Миф», «Persil» маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталды.

Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды.

Құқық иесі «The Procter&Gamble Company» компаниясына зор залал келтірілді.

Р. Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Контрафактілік тауарларды өндіру және сату - бұл көп миллиардтық айналымды қамтитын жаһандық мәселе. Бұл мемлекетке де, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне де айтарлықтай зиян келтіреді.

Қауіп сонымен қатар киім мен балалар ойыншықтарынан бастап тамақ пен дәрі- дәрмектерге дейін контрафактілік өнімдердің кең таңдауында жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі контрафактіні өндіру және өткізу деректерімен күрес жүргізуде»,-делінген ҚР
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.