Нұр-Сұлтанда шенеунік 5 мың теңге пара алғаны үшін 875 мың теңге айыппұл төледі

281

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Нұр-Сұлтанда шенеунік бұрын пара алып, сотталған азаматты жұмысқа қабылдаған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта бізде 2022-2026 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес саясатының тұжырымдамасы дайындалуда. Пара алғандарға қылмыстық жауапкершілік күшейтілді және жемқорлықпен сотталғандарды уақытынан ерте босату бабының күші жойылды. 
Қарамағандағы азаматтар жемқорлықпен ұсталса, мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілерінің қызметтен кетуі бекітілді, жемқорлықпен ұсталған азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға өмір бойына тыйым салынды", - деді Ж
емқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің жетекшісі Шыңғыс Кабдула.

Департамент басшысының айтуынша, биыл сәуір айында Әкімшілік кодекске өзгертулер енгізіліп, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 15 құқық бұзушылық фактісін тіркеген.

Өзгертулер күшіне енгеннен бастап, 8 азамат, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Оларға жалпы соммасы 2,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. 

Мысалы, әділет департаментінің қызметкері 5 мың теңге көлемінде материалдық сыйақы алғаны үшін 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеген. Сондай-ақ жуырда қалалық білім беру басқармасының жетекшісі жемқорлықпен ұсталған азаматты жұмысқа қабылдағаны хабарланды. 
Құқық бұзған шенеунік жұмыстан қуылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеген. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.