Қызылордадағы колонияда сотталушы өзіне қол жұмсады

597

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Қызылорда облысындағы ҚАЖД (Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) аралас күзет мекемесінде сотталушы өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға биыл 2 желтоқсанында болған.

Ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және облыстық ІІД басшылығы барғаны айтылған.

"Бейнебақылау камераларының материалдары зерттеліп, басқа сотталғандармен әңгіме жүргізілді. Алғашқы тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекеттер дерегі анықталған жоқ", - делінген хабарламада.

Сотталған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша жазасын өтеп жатқан.

"Айта кететін жайт, сотталушы мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде "суицидке бейім" ретінде тіркелген, сонымен қатар оған "Органикалық галлюциноз" диагнозы қойылған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта соталды тергеу жүріп жатыр, қызметтік тексеру тағайындалған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.