Бутаковка шатқалында 5 ағаш кескен азамат, енді орнына 100-ін отырғызатын болды

268

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматыда Бутаковка шатқалында ағаштарды заңыз кескен азамат анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, басқармаға әлеуметтік желілер арқылы Бутаковкада ағаштардың кесіліп жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. 

Басқарма мамандары аталған жерге барып, С.Долматов есімді азаматтың жер телімін жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде 5 ағашты кесіп тастағанын анықтады. 

«Осыған орай құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жиырма есе көп ағаш отырғызу туралы кепілхат алынды»,- деп хабарлады басқармадан. 

Сонымен қатар, Іле -Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ақпаратына сәйкес, ерекше қорғалатын жасыл желек қорын реттеу тәртібі аталған Ережеде қарастырылмаған. 

Бұл жерде жұмыстар Орман кодексі мен орман қорын кесу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.