"Дикий Арман" екі айға абақтыға қамауға алынды

487

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Дикий Арман" лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топты Алматыда арнайы операция барысында ұстаған болатын. Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ол былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған. Оның келу мақсатын жедел тергеу тобы тексереді", - деді ІІМ өкілі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.