Күлкі күнінде елдің көңілін көтергісі келген жігіт жазаланды

415

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотПавлодарда қалжыңдағаны үшін жүргізуші жазаланды.

Ведомство мәліметінше, 1 сәуір күні Назарбаев даңғылы бойында көлігінің артқы жағында мемлекеттік тіркеу нөмірі
болмаған "ВАЗ 2170" жүргізушісі ұсталған.

Ер адам нөмірдің орнына "Жұмабектің бажасы" деген жазуды қолымен жазған. 

Жүргізушінің көңіл күйінің керемет болғанына қарамастан, тәртіп сақшыларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырғаны белгілі болды. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, көлігі автотұраққа қойылды.

"Адамдар, ережелерді нақты сақтау – жолдағы заң және міндетті шарт екенін ұмытып кетеді. Жол ақталуға қажетсінбейді, ол кішігірім бұзушылықтарды да кешпейді, қырағылық сақтауды және ұдайы мұқият болуды міндеттейді",- деп атап өтті Павлодар қаласы полиция басқармасының басшысы Данияр Бек. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.