Рахим Ошақбаев: “Nur Otan” партиясы кінәлі

368

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Экономикалық сарапшы, ҚР Президенті жанындағы ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Рахим Ошақбаев “Қасіретті қаңтар” оқиғасынан кейін “Nur Otan” партиясының құрамынан шығып кетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Енді ол ешқандай партияға мүше болғысы келмейді.

— Әлеуметтік-экономикалық және саяси салада болып жатқан оқиғаларға және бейбіт тұрғындардың өмірін қиған террорлық әрекеттерге жол берген "Nur Otan" партиясы деп есептеймін. Сол себепті партиядан шығып кеттім, — деді Экспресс К тілшісіне Рахим Ошақбаев.

— Әлеуметтік желіде сіздің 2021 жылғы жазған арызыңыз жүр. Демек сіз партиядан тек биыл ғана шықтыңыз ба?

— Иә, қате кетіп қалған ғой. 2021 жыл емес, 2022 жыл болуы керек еді.

Ошақбаев партиядан шығу туралы арызды 10 қаңтарда жазғанымен, оған әлі жауап келмеген.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.