Сенат Елбасының тағы бір өкілеттілігін алып тастауды ұсынды

367

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Сенаторлар "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" конституциялық заңға өзгерістертерді енгізу мәселесін қарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Соның аясында Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіреті тоқтатылады. Сондай-ақ сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Тұңғыш президентпен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды.

Жоғарғы Палата депутаттары мәжілісмендердің бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады. Бірақ, өз түзетулерін ұсына отырып, заң жобасы төменгі палатаға қайтарылды. 

"Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Ол – "Тұңғыш Президент туралы" заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан да Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспенен Мәжіліске қайтарып отыр",- деп атап өтті сенатор Ләззат Сүлеймен.

Енді, бұл түзетуді мәжіліс депутаттары қарайды. Ал қабылдаған жағдайда заң жобасы бірден президентке қол қоюға жіберіледі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.