Болат Назарбаев әйелін сотқа беріп, фамилиясын тартып алды

539

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев сотқа жүгініп, әйелінің тегін жоюға арызданған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының Қарасай аудандық соты шағымды қабылдап, Гүлнұр есімді әйелді "Назарбаева" деген тегінен айырды.

Шешім шыққан құжатта Болат Назарбаев сотқа 3 шағыммен жүгінген. Ол Гүлнұр Назарбаеваның тегін ауыстыру бойынша актіні, оның төлқұжатын және паспортын жоюды талап етеді.

Бұл шағымға Болат Назарбаев пен Гүлнұр Назарбаеваның 2021 жылы 18 наурызда ажырасу дерегі негіз болған.

Айта кетейік, Болат пен Гүлнұр 2009 жылы 25 тамызда үйленген. Ол кезде оның аты-жөні Гүлнур Уахаповна Дүйсебаева болған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.