Алматыда көлік жолдан ұшып кетіп, жер үйдің қоршауына соғылды: жүргізуші көз жұмды

329

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматыда Сайын даңғылы мен Өтеген батыр көшесі арасындағы Райымбек даңғылында адам өліміне әкеп соққан жантүршігерлік жол апаты болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Galant автокөлігі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Белгісіз себептерге байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмады. Көлік кенеттен жолдан шығып, шам бағанасын құлатты, артынша тротуарға өтіп, бетон бағанасы мен жер үйдің металл қоршауына соғылған. Қатты соққыдан көліктің быт-шыты шықты.

Оқиға орнына жеткен куәгерлер зардап шеккендерді шығаруға көмектесті.

Апат салдарынан 1996 жылғы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды.

Жол полициясының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.