Мәсімовтың тағы бір орынбасары ұсталды

573

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов ұсталды деген ақпарат тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, тергеу оның "Қаңтар трагедиясына" қатысы бар-жоғын анықтайды.

Елордада ҰҚК-ның 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов ұсталды. Тергеу оның Алматыдағы тәртіпсіздіктер барысында ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстарын жасырған, не жасырмағанын тексереді,— делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәжілов те ұсталды деген мәлімет тарады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.