Қарағанды облысында ит талаған бала ауыр жағдайда жатыр

359

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қарағанды облысында ит қауып алған 5 жасар баланың жағдайы ауыр. Бүлдіршін Ақтоғай ауылынан санавиациямен Қарағанды қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, төбет баланың басын талап тастаған, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Астана арнасына сілтеме жасап.

"Бала Ақтоғай ауылынан санавиация арқылы шұғыл жеткізілді. Басында ашық жарақаттар өте көп. Сонымен бірге көзіне зақым келген. Ашық хирургиялық таңу жасадық. Қазір балалар жарақаты бөлімінде ем алып жатыр", - дейді Қарағанды облыстық травматология қызметі ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында екі баланы ит талап тастаған болатын. Үй иелері итті байламай бос жіберген көрінеді.

"Балалар аулада ойнап жүргенде сол үйдің иті дене жарақаттарын келтіргені анықталды. 3 жасар бала ауруханада көз жұмды", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

Қазіргі таңда бұл факт Ақтоғай аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.