Сүндеттеуден кейін 7 жасар бала көз жұмды

364

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қырғызстан астанасы Бішкекте сүндеттеу процедурасынан кейін жеті жасар бала көз жұмды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 01.kg басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Октябрь ауданы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған.

Басылым мәліметінше, 2 сәуірде милицияға қалалық балалар клиникалық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінде баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат түскен.

"Ұлттық госпитальде баланы жергілікті наркозбен сүндеттегені белгілі болды. Отадан кейін ол 3-балалар ауруханасының хирургия бөліміне "Платтер синдромы, шеткі тәнінің жарақатынан қан кету" диагнозымен түскен. Сол жерде есін жимастан көз жұмған. Факті тіркелді, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Ішкі істер басқармасынан.

Бұл жағдайға қатысты Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі де пікір білдірген.

"Бала ауруханаға 2 сәуірде түсті. Жағдай шұғыл болып, баланы сүндеттеген, бірақ ота аяқталмады. Туыстары отаны қайда жасатқанын айтпады. Пациенттен анализ алынды, оған наркоз салған кезде жүрегі тоқтап қалған. Барлық реанимациялық іс-шараға қарамастан, баланы құтқарып қалу мүмкін болмады", - деп хабарлайды ведомстводан. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.