Қазақстанда «Батыл Тойтарыс – 2022» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу басталды

340

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдар арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы өтіп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Батыс тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында өтпек.

Бұл шараға Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамалары мен бөлімдері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылып отыр.

Оқу-жаттығудың алғашқы кезеңінде мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери қауіп-қатерлердің өршуі жағдайында терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері пысықталады.

«Батыл Тойтарыс – 2022» оқу-жаттығу ағымдағы жылғы 16 сәуірге дейін жалғасады. 
 
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.