Қызы әкесін сотқа берді

238

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Атырау облысы Жылыой ауданында қосымша алимент төлеуде талап еткен қызы әкесінің үстінен азаматтық шағым түсірген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Сот анықтағандай, жауап беруші қызын қамтамасыз ету үшін 18 жасқа дейін алимент төлеп келген. Алайда кәмелетке толған соң алимент төлеуді тоқтатқан. 

Қыз сотқа әкесінен жоғары оқу орнының ақысын төлеу үшін 150 мың теңге өндіру мақсатында арыз түсірген. 

Сот отырысында екі тарап медиативті келісімге келді. Ол бойынша әкесі ай сайын 45 мың теңге көлемінде алимент төлейді, ал қызы өз арызын кері қайтарған. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.