Ресейдің Қара теңіздегі «Москва» крейсері суға батып кетті
309
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
«Москва» зымыран крейсерін тұратын орнына сүйреп алып бара жатқан кезде корпусы зақымдалуы салдарынан зымыран кемесі суға батып кетті. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.Агенттіктің хабарлауынша крейс корпусы оқ-дәрілер жарылып, өрт шыққаннан зақымдалған.
«Москва» крейсерін тұратын орнына тіркеп сүйреп алып бара жатқан кезде кеме корпусының зақымдалуына байланысты орнықтылығын жоғалтқан. Теңіздегі дауыл салдарынан кеме батып кетті», - деді Ресей әскери ведомствосы.
Крейсер экипажы Қара теңіз флотындағы басқа кемелерге эвакуацияланды.
Қаз
Рус






